$ 514.65  544.6  5.17

Илья Ильин спорттан кетуі мүмкін

Дохада өткен лицензиялық турнирде қазақстандық ауыр атлет Илья ИЛЬИН бесінші сатыға түсіп, медальсіз қалды.
Фото: ru.sputniknews.kz
Фото: ru.sputniknews.kz

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Sputnik жазды деп хабарлайды «Жас АЛАШ» сайты.

«Менің ең дұрыс жарысым Дохада болды деп ойлаймын. Көңіл аса мәз емес. Ендігі мақсат тым болмаса Өзбекстанда және Нұр-Сұлтанда сәтті өнер көрсету. Егер дұрыс нәтижеге қол жеткізбесем спорттық карьерамды аяқтайтын шығармын. Өйткені олимпиадаға жол түспейді ғой», - деді ауыр атлет.

2016 жылы Ильин тыйым салынған препаратты қолданды деп 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада алтындарынан айрылған еді. 2005, 2006, 2014, 2015 жылдары әлемнің үздік ауыр атлеті атанған Илья уақытша спорттан шеттетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары