29.12.2019, 00:59

АҚШ-тағы ұшақ зауытында жарылыс болды

Фото: ntv.ru
Төтенше оқиға өндірістің азаматтық ұшақтармен бірге шағын әскери әуе көліктерін жасайтын ошағында орын алды.

АҚШ-тың Уичита қаласындағы ұшақ жасайтын зауытта жарылыс болып, 14 адам жарақат алды,-деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше оқиға өндірістің азаматтық ұшақтармен бірге шағын әскери әуе көліктерін жасайтын ошағында орын алды. Жарылыстан 2 қабатты ғимарат опырылып құлап, азот төгілген. Бірақ бұл кезде мерекеге байланысты зауыт жұмыс істемеген. Қазір апаттың себептері анықталып, оқиға орынында іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр.  

Тегтер: АҚШ завод ұшақ