29.12.2019, 01:53

Сомали астанасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 90-ға жетті

Фото: kaz.tengrinews.kz
Әзірше ешқандай террорлық ұйым бұл істі мойнына алған жоқ.

Сомали астанасы Могадишо қаласында жарылғыш зат қойылған көлік жарылды,-деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz ақпарат порталы.

Осыған дейін жергілікті Dalsan радиостанциясы оқиға салдарынан 50 адам қаза тапқанын хабарлады. Ал Парламент мүшесі Әбдіразақ Мохамедтің айтуынша, қаза тапқандар саны 90-ға жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"Жарылыс салдарынан 90 адам қаза тапқаны, оның ішінде 17 полицей және 73 азамат, сонымен қатар 4 шетел азаматы болғаны туралы хабар жеткізді", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Әзірше ешқандай террорлық ұйым бұл істі мойнына алған жоқ.

Сомалиде радикал исламшыл "Аш-Шабаб" ("Жас моджахедтер қозғалысы") тобы шоғырланған, олар "Әл-Каида" террорлық ұйымымен тығыз байланыс орнатқан. Олар Сомали орталық үкіметіне қарсы соғысып жатыр және БҰҰ гуманитарлық көмегіне тосқауыл болған.  2008 жылы АҚШ осы ұйымды террорлық қозғалыс ретінде тіркеген.