$ 494.87  520.65  4.91

Дәрігерлер Bek Air ұшағы құлаған жерден суреттер мен видеоларды таратпауды сұрады

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Алматы маңында құлаған Fokker-100 ұшағының 12 жолаушысы жатыр. Мамандар олардың психологиялық жағдайы бірқалыпты екенін, бірақ оларға демалу керегін айтады.
Фото: kaz.tengrinews.kz
Фото: kaz.tengrinews.kz

Дәрігерлер Bek Air ұшағы құлаған жерден суреттер мен видеоларды таратпауды сұрады, себебі бұл зардап шеккендердің психологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат порталы Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Алматы маңында құлаған Fokker-100 ұшағының 12 жолаушысы жатыр. Мамандар олардың психологиялық жағдайы бірқалыпты екенін, бірақ оларға демалу керегін айтады. 

"Зардап шеккендердің миында қайғылы жағдайды ұмытуы үшін қорғаныс механизмі жұмыс істейді. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз қазір осы адамдарға бастан кешкен қорқыныш пен үрей сезімдеріне қайтармау. Мен қазақстандықтарды әуе апаттарынан суреттер мен видеоны жаппай таратуды шектеуді сұраймын. Қазір барлығымыз бір-бірімізге көмектесуіміз керек", - дейді психолог Ксения Зидинская.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханада жатқан 12 науқастың физикалық жағдайы да тұрақтанып келеді. 

"Емделушілер барлық қажетті ем алып жатыр. Олар түнді тыныш өткізді, ұйықтады, тәбеті бұзылған жоқ. Кеше аяғына ота жасалған науқасты жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыру жоспарланып отыр", - деді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов. Еске салайық, әуе апатынан кейін 21 жолаушыны №4 қалалық клиникалық ауруханаға алып кеткен болатын. Олардың екеуі клиникада қайтыс болған.

"Жеті адам жан сақтау бөлімінде жатыр, 11-і бейінді бөлімдерде. Кешеден бері біз 13 ота жасадық. Қазір емделушілердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Апатқа ұшыраған тағы бір әйелді түнде жедел жәрдемге алып келген. Оның жағдайы тұрақты, ем алып жатыр", - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Моңғол Анарбек. Зардап шеккен 9 бала Алматы қалалық балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына түсті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары