$ 494.87  520.65  4.91

159 адам қаза тапқан: тәуелсіздік жылдары отандастарымыз 19 әуе апатына ұшырады

Былтыр Қазақстанда әуе транзиті арқылы 14 миллионға тарта жолаушы ұшқан. Ал бүгінде еліміздегі әуе компанияларының саны 50-ден асып отыр.
фото: baribar.kz
фото: baribar.kz

Ашық дереккөздердегі қолжетімді ақпараттарға қарағанда, тәуелсіздік жылдары әуе апатынан 159 қазақстандық қаза тапқан. Мамандар салыстырмалы түрде әуе тасымалы транспорттың өзге жерүсті, су кемесі түрлеріне қарағанда анағұрлым қауіпсіз екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bugin.kz сайтына жарияланған дерекке сүйеніп.

Былтыр Қазақстанда әуе транзиті арқылы 14 миллионға тарта жолаушы ұшқан. Ал бүгінде еліміздегі әуе компанияларының саны 50-ден асып отыр. Енді ұшақ апаттарының салдарын санамалап көрсек...

- 1996 жыл. «Charki Dadri» Дели қаласының әуежайына жақын жерде ұшақтар соқтығысқан ең қайғылы оқиға болды. Қазақстандық «Эйр Казахстан» компаниясының «Ил-76 ТД» мен Араб Әмірлігінің Saudi Arabian Airlines ұлттық компаниясының «Боинг-747» ұшақтарының соқтығысуы салдарынан 349 адам көз жұмды. Оның 37-сі қазақстандық болған.

- 2001 жылы Леңгір қаласында «Ми-8 МТ» тікұшағы құлады. Бұл апаттан 1 адам қаза тапқан.

- 2004 жылы Ақтөбе облысына қарасты Бозой елді мекенінің маңында «Araiavia» әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, 1 адам қайтыс болды.

- 2006 жылы Қазақстанда Orlan 2000 әуекомпаниясының ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын ұшағы апатқа ұшырап, 1 адам қайтыс болды.

- 2007 жылы Алматы әуежайында Jet Connection әуекомпаниясына тиесілі Challenger-CL604 ұшағы әуеге дұрыс бағытта көтеріле алмай, бетон қоршауға соқтығысып, өртеніп кеткен. Соның салдарынан 1 адам мерт болды.

- 2008 жылы Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы құлап, апат салдарынан 5 адам қайтыс болды. 13 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

- 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы операцияға ұшып бара жатқан ҰҚК шекара қызметінің Ми-8 тікұшағы құлап, жалпы 10 адам, оның ішінде 4 қазақстандық мерт болды, 3 адам жарақат алды.

- 2009 жылы шілде айында Иранның солтүстік-шығысында болған ұшақ апатынан 16 адам қаза тапқан. Экипаж мүшелерінің 9-ы – Қазақстан азаматтары.

- 2012 жыл. Астана аэродромында оқу-жаттығу жасауға ұшып шыққан Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

- 2012 жыл. Алматы облысының маңында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 8 адам бір мезетте дүниеден өтті.

- 2012 жыл. Шымкент қаласында Ан-27 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 27 адам көз жұмған.

- 2013 жыл. Алматы облысында SCAT әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы қона алмай апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты. Елде қаралы күн жарияланды.

- 2015 жылы наурыздың 24-інде Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатқанда белгісіз себептермен Францияның оңтүстігіндегі таулы аймақта апатқа ұшыраған германиялық Germanwings әуе компаниясының A320 ұшағында 144 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Жолаушылар қатарында болған 50 жастағы Ербол Иманқұлов, оның 49 жастағы әйелі Айжан Исенғалиева мен 26 жастағы ұлы Әділ Иманқұлов қаза тапқан.

- 2017 жылы 27 шілде таңертең Алматы облысының Панфилов ауданында жүгері алқабына дәрі сеуіп жүрген ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырап, 2 адам (54 жастағы пилот Хамит Ақбергенов пен 39 жастағы кәсіпкер Масимжан Масимов) қайтыс болған.

- 2017 жылы 10 тамызда таңертең сағат 9:53-те Алматыдан 43 шақырым қашықтағы «Технам 2002» ұшағы оқу-жаттығу тапсырмасын орындау кезінде Азем аэродромына құлаған. Апаттан 2 адам, ұшқыш инструктор мен курсант қаза тапты.

- 2017 жылы 24 тамызда Алматы облысының Балқаш ауданында екі кісілік ұшақ апатқа ұшырап, 1 адам қаза тапты.

- 2017 жылы 4 қазанда Алматы облысында Ан-28 санитарлық авиация ұшағының апатынан 5 адам қаза тапты. Оның 4-еуі – қазақстандық, біреуі – қырғыз азаматы.

- Биыл 27 наурыз, сәрсенбі күні Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан Қазақстан қарулы күштерінің тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшыраған. Әскери тікұшақта болған 13 адам түгел қаза тапты.

Ал желтоқсанның 27-сінде таңертең сағат 7:22-де Bek Air ұшағы Алматы әуежайынан бір шақырым қашықтықта орналасқан Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылындағы иесіз екі қабатты үйге құлады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, соның салдарынан 15 жолаушы қаза тауып, 50-ден астамы ауруханаға жеткізілді. Бүгінде бұл оқиғаға қатысты басқа да деректер анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары