$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

Бүгін сағат 13:00-де ірі жол апаты болды. Ақтөбе - Орынбор бағытындағы трассада Ресейден Тәжікстанға бара жатқан «Лада-Ларгус» көлігінің жүргізушісі көктайғаққа қарамастан жолдың қарсы бетіне шықпақ болған.
Фото: habr.com
Фото: habr.com

Ақтөбе - Орынбор бағытында үш көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 13:00-де ірі жол апаты болды. Ақтөбе - Орынбор бағытындағы трассада Ресейден Тәжікстанға бара жатқан «Лада-Ларгус» көлігінің жүргізушісі көктайғаққа қарамастан жолдың қарсы бетіне шықпақ болған. Соның салдарынан тағы бір «Лада-Ларгус» көлігімен және қарсы бетте келе жатқан «БМВ» маркалы машинасымен соқтығысты.

«Лада-Ларгус» жол жиегіне шығып кеткен. Жолаушылар көлік ішінен аман-есен шыққан соң қысқа тұйықталу болып, машина жанып кетті. Жол-көлік оқиғасы кезінде Тәжікстан азаматы ауруханаға жетпей көз жұмды. Сонымен қатар бір Ресей, үш Тәжікстан азаматы Мәртөк аудандық ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол ережесін сақтап, абай болуға шақырады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары