30.12.2019, 15:15

«Қону аймағында құрылыс нысандары болмауы керек еді» - авиакомпания өкілдері

Кеңес уақытында мұнда өте қатаң шектеулер болған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жанындағы құрылыстың заңдылығын анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бұл туралы Bek Air өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуеайлақ маңындағы құрылыстың заңдылығын анықтауға тапсырма берді. Кеңес уақытында мұнда өте қатаң шектеулер болған. Тек қоршау бойында емес, әуе кемелерінің ұшып-көтерілу және қону аймағында құрылыс нысандары болмауы керек еді. Мұнда заңның бұзылғаны анық. Тергеу амалдары барлығын анықтайды", - деді авиакомпания өкілдері. 

Олардың айтуынша, бұл құрылыс нысаны жоқ болғанда, қаза тапқандар болмауы мүмкін еді.