$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеу мен Киев араға жылдар салып, бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады

Ресей тарабы телефон әңгімесі Украина жағының бастамасымен өткенін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтады, деп жазады Азаттық.

Екі президенттің әңгімесіне арқау болған негізгі тақырыптардың бірі - тараптар ұстап отырған адамдарды алмастыру мақсатында олардың тізімін келісу жайы болды. Соның ішінде Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде қамауда отырған украиналықтар мен Ресейде түрмеде отырғандар туралы да сөз болған. Бұл туралы бүгін, 31 желтоқсанда Зеленский кеңсесі хабарлады.

Екі мемлекеттің басшылары Украина аумағы арқылы өтетін Ресей газы транзиті туралы 30 желтоқсанда қол қойылған келісімнің бекітілуін құптаған.

"Президенттер Жаңа жылға байланысты бір-бірін құттықтады. 2020 жылы Ресей мен Украина қарым-қатынасын дамытуды қолдайтындарын айтты" деп жазылған Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында. Ресей тарабы телефон әңгімесі Украина жағының бастамасымен өткенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мәскеу #Киев