$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандықтар мерекелерде неше күн демалады?

Наурыз айында 7 күн демалыс беріледі.

2020 жылы Қазақстандықтар мерекелерге орай 23 күн демалады. 1,2,3 қаңтар – Жаңа жыл, 4 қаңтар – сенбі. Демалыс күнінің ауысуына орай 5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – христиан мерекесі Рождество. 

Келесі мерекелер 1,5 айдан кейін бірақ болады. Есесіне наурыз айында 7 күн демалыс беріледі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Ал Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар 21-25 наурыз күндері демалады. 

Бір ай үзілістен кейін мамырдағы мерекелер бар. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. 

6 шілдеде астана күні атап өтіледі, 30 тамыз – Конституция күні. Мерекелік демалыстардың легі жыл соңында аяқталмақ. 1 желтоқсан – ҚР тұңғыш президент күні. Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан күндері демалыс беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары