03.01.2020, 15:06

Көлік апатына ұшыраған жүргізушілердің келіссөзі төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

Соңында автокөлік жолаушысы сыртқа шығып, жол-көлік оқиғасы үшін ВАЗ жүргізушісін ұра бастады.

Павлодарда жол-көлік апатымен қоса төбелес оқиғасы сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша 24 жастағы «ВАЗ» автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. ВАЗ маркалы автокөлік рұқсатсыз тұраққа өтіп кеткен», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сыртқы бақылау камерасына ВАЗ көлігінің екінші дәрежелі жолдан негізгі жолға шығып кетіп, салдарынан «Renault logan» маркалы көлікке соғысқаны жазылған. Соңында автокөлік жолаушысы сыртқа шығып, жол-көлік оқиғасы үшін ВАЗ жүргізушісін ұра бастады. Оқиға қатысушыларының барлығы сау болған, ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеді, деді полициядағылар. 

«23 жастағы «Renault logan» жолаушысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 73-1 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешім шығару үшін материалдар сотқа жіберілді», - деді баспасөз қызметі.