03.01.2020, 16:26

Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім ауруханадан табылды

Фото: company.medelement.com
Оның айтуынша, медициналық мекеме қызметкерлері баланы іздеп жатқан топқа көмек көрсеткен.

Жасөспірім 2 қаңтар күні таңертең үйден шығып кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол осыдан бірнеше жыл бұрын апатқа ұшырап, мүгедек болып қалды. Жоғалған баланың анасы көмек сұрап арнайы топқа жүгінді. 

15 жастағы Валерий Гойколов жоғалғаннан бір күн өткен соң, оны Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасынан тапты. Бұл туралы Ислам Угушев Facebook-парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, медициналық мекеме қызметкерлері баланы іздеп жатқан топқа көмек көрсеткен. Олар баланың ауруханада жатқанын айтты.

«Біз көптеген репосттар мен уақтылы іздеудің оң нәтиже бергеніне көзіміз жетті. Көпшілікке шексіз алғыс айтамын », - деп жазды Ислам Угушев.

Тегтер: адам жоғалу