Жартылай жалаңаш ер адамның Нұр-Сұлтанда такси тоқтатып тұрғаны видеоға түсіп қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода шыққан дауыстар арқылы оның Нұр-Сұлтандағы Республика даңғылында түсірілгені анықталды.
Видеоны осы жерден көре аласыз.
Ер адамның не үшін көшеде киімсіз қалғаны белгісіз.
Желі қолданушылары қиялға ерік беріп, әртүрлі нұсқаларын ұсынып жатыр.
«Ол осы аймақтағы барлық арақты тауысып, басқа жағына іздеп барады», «Көңілдесінің күйеуі келіп қалған ғой», «Ипотека жапты», «Жорықта жалғыз қалған қарақшыдай», - деп жазды олар.
Ер адамға жанашырлық танытқандар да пайда болды.
«Мүмкін оны тонап кеткен шығар», «Басынан өткергенін білгім кеп тұр», - деді кейбіреуі.
Айтпақшы, синоптиктердің болжауынша, Нұр-Сұлтанда бүгін -3 ° C.