H1N1 тұмауын Павлодар облысының эпидемиологтары бірінші рет тіркеді. Мамандар медициналық талдауды нақтылау үшін республикалық лабораторияға қосымша тексеруге жіберді деп жазады Total.kz.
Доңыз тұмауымен ауырды деп күдіктенген баланың ата-атанасы ауруханаға дер кезінде келген. А түріндегі тұмаудың арты ауыр соғады. Пневмонияға ұласып кетуі мүмкін. Елімізде 270 адам осындай диагнозбен ауруханаға түскен.
Облыстық эпидемиолог мамандар 11 800 адамның тұмаумен ауырып тіркелгендігін айтып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 13 000 адамды құраған болатын. Дәрігерлер облыстағы 53 мыңнан астам тұрғынға алдын алу екпесін салған.