$ 494.87  520.65  4.91

«Қастандық ойламауы тиіс»: Ақтөбеде Құдайға табыну шарасы өткізілді

Вифлеем қалашығында Құдай ұлы дүниеге келген.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

 Рождество мерекесіне орай Ақтөбе шіркеулерінде арнайы діни рәсімдер өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Мейрам алдындағы Құдайға табыну шарасы өткізілді. Православ дінін ұстанушылар үшін бұл күннің маңызы зор. Інжіл кітабында жазылған аңызға сүйенсек, қаңтар айының 6-ынан 7-іне қараған түні Вифлеем қалашығында Құдай ұлы дүниеге келген. Бұл түнде Рождество алдындағы 40 күндік ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастархан жайылады.

"Рождество – біздер үшін ұлық мереке. Оның тарихы терең. Ғасырлардан жалғасқан мерекенің маңызы – адамдар арасындағы мейірімділік, махаббат, қамқорлық сезімдерін ояту. Әркім жақындарына, тіпті дұшпандарына да қастандық ойламауы тиіс. Бұдан кейін біздің дінімізде қаңтардың 7-19-ы аралығында ұлы күндер басталады", - шіркеу қызметшісі Нектарий Гузев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары