$ 494.87  520.65  4.91

Ескерту! WhatsApp-та жаңа вирус тарап жатыр

Таралып жатқан вирус қарқынды жылдамдықта жұмыс істейді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Телефон қолданушылырадың үлкен сұранысына ие WhatsApp мессенджерінде жаңа вирус пайда болды. Мессенджер қолданушылары вирусқа "жаңажылдық" деген ат қойып үлгеріпті, деп хабарлайды Skinews.kz ақпарат порталы, gizchina.com-ға сілтеме жасап.

Таралып жатқан вирус қарқынды жылдамдықта жұмыс істейді. Мысалы, мессенджерді пайдаланатын адамға хабарлама арқылы жаңажылдық құттықтау келеді. Әлгі  хабарламаны ашуы үшін телефон иесі сілтемені басқан кезде вирусы бар ресурс ашылады. Дәл осылай алаяқтар адамның телефонында сақталған жеке мәліметтері мен барлық қажетті деректерді ұрлайды.

Мамандардың кеңесінен құлағдар етсек, алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін белгісіз нөмірден келген хаттарды ашпаған жөн. Оларды бірден бұғаттап, қолдау қызметіне хабар берген дұрыс.

Ескеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқалары орнатылған смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататыны туралы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары