$ 494.87  520.65  4.91

2,5 жасар қызы ес-түссіз қалған ана Біртановтан көмек сұрады

Мұнан бөлек, баласы үшін бәйек болған ана қалалық ауруханалар қызды қабылдаудан бас тартқанын айтты. Сондықтан қазір қызы инфекциялық балалар ауруханасында жатыр екен. Айтуынша, баласының бұл жерде жатуы оның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екен.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 2,5 жасар қызын стоматологқа тісін емдету үшін ертіп барған. Дәл осы оқиғадан кейін бүлдіршін қыз комаға түсіп қалды, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аяқастынан қызының мұндай жағдайға душар болғанына қапаланған ана, facebook желісі арқылы жанайқайын жеткізіп, жазбасының соңына Денсаулық сақтау министрі Елжан Біржановтың парақшасын белгілеп қойды.

Жазба иесінің сөзіне сенсек, тіс дәрігері қыздың анасына айтпай бүлдіршіннің тісін емдеп жатқан кезде екі дәрі еккен екен. Сондықтан да қызы 11 күн бойы комада жатыпты.

"2,5 жасар қызымды ертіп, оның тісін емдету мақсатында тіс дәрігеріне барғанмын. Қаралуға барғанда сараптамаға қанымызды өткіздік. Одан басқа ешнәрсе тапсырған жоқпыз, анық есімде. Қан сараптамасын жасатудың өзі 20 мың теңге болды. Егер тағы да басқа дүниелер жасағанымызда тағы ақша төлейтін едік. Негізі бұған дейін де қызымның тісін жұлдыртқанмын. Стоматолог сынама жасаудың қажеті жоқ деген. Қызымның тісін тазалатпай тұрып, алдымен дәрігерден бірнеше мәрте севоран дәрісінен басқа ешнәрсе егілмейді ме сұрағанмын. Ол "иә" деді. Артынша балама убистизин және эсмерон егілгені анықталды. Соның салдарынан қызым 11 күнге комаға түсіп қалды", - деп жазды Анастасия Зеленая әлеуметтік желіде.

 Мұнан бөлек, баласы үшін бәйек болған ана қалалық ауруханалар қызды қабылдаудан бас тартқанын айтты. Сондықтан қазір қызы инфекциялық балалар ауруханасында жатыр екен. Айтуынша, баласының бұл жерде жатуы оның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екен.

"Алтыншаш Құралаевна есімді неропатолог қызыма "Бас ми тінінің өлімі" деген диагноз қойды. Алайда, ЭЭГ-нің нәтижесінде баламның миы төменгі амплитудалық көрсеткішпен жұмыс істеп тұрғанын белгілі болды. Диагноз дұрыс болғанда сараптама бірқалыпты түзу сызықты көрсететін еді ғой. Қазір қызым аяғын қытықтағанды сезеді, қимылдатады, дене температурасы, жүрек қағысы, қан қысымы қалыпты", - деп баласының қазіргі ахуалынан хабардар етті Анастасия. 

Қызының денсаулығына алаңдап, шақшадай басы шарадай болған ана, тіпті, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үндеу жариялап, шенеуніктен осы іске аралысып, қызының өміріне араша болуды сұраған. Сәйкесінше, оның жанайқайы жауапсыз қалмады.

"Бұл істі назарға алдым. Қыздың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер тарапынан көрсетілетін көмек тоқтамайды. Тиісті ем шаралары орындалады", - деп Анастасияның уәжіне министр осылай жауап берді. 

Министрдің жауабынан кейін 2,5 жастағы қызды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №2 елордалық балалар ауруханасына ауыстырғанын мәлімдеген. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары