08.01.2020, 11:20

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік өртенді

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Бүгін таңертеңгі 9-да халықаралық әуежайға бағыт алған №12 автобусынан өрт шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы "Астана LRT" компаниясының баспасөз жетекшісі Науат Азанбаева Facebook-парақшасында хабарлады.

"Бүгін таңғы 9 шамасында халықаралық әуежайдың аумағында № 12 автобус өртенді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Азанбаева. 

Зардап шеккендер жоқ.