$ 494.87  520.65  4.91

Денис Теннің анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірді (ВИДЕО)

Денис Теннің анасы қазіргі таңда  баласын "құтқаруға болар ма еді?" деп соны анықтағысы келіп отыр.

Аяқастынан қаза тапқан олимпиада чемпионы, фигурист Денис Теннің анасы полицейлерге қарсы арызданды. Анасы Оксана ұлының өліміне куә болған екі инспектордың әрекеті тексерілсін талап деп етуде. Бұл туралы Skifnews.kz  ақпарат порталы, "Информбюро"-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оксананың айтуынша, полицейлер Денисті өлтіру оқиғасына куә болған. Әйтсе де олар Денис Тенге көмектесуге асықпаған. Спортшыға шабуыл жасау әрекеті олардың көз алдында өткен. Бірақ, олар спорт алаңына Денисті жаралап үлгергеннен кейін барып келген.

Естеріңізге сала кетсек, фигурист Денис Тен пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. 2018 жылдың 19 шілдесінде спортшы автокөлігінің айнасын ұрламақшы болған қылмыскерлерді байқаған. Сол кезде қақтығыс болып, ұрлықшылардың бірі чемпионға екі мәрте пышақ сұғып алған еді. Ауыр жарақат алған 25 жастағы Денис Тен көп қан жоғалтып, ажал құшты.

 Қазасына бүкіл ел болып қайғырған Теннің  анасы Оксананың айтуынша, полицейлер арнайы жаттығудан өткен болса да, уақытында баласына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетпеген. Олардың қолдарына керекті жабдықтар да болуы әбден мүмкін дейді Оксана. Бірақ полицейлер жедел жәрдем шақыруды өтіп бара жатқан адамдарға тапсырған. Біреуі спортшыға жәбір көрсеткендерді қуа жөнелген. Денис Теннің анасы қазіргі таңда  баласын "құтқаруға болар ма еді?"  деп соны анықтағысы келіп отыр. Сондықтан, бірнеше рет инспекторлардың әрекетін бағалау мақсатында құқық қорғау органдарына шағым түсірген. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Денис Тен