Ақтөбелік 23 жастағы экс-полицей Нұржан Таңатаров өзінің ішкі істер органдары қатарынан әділетсіз қуылғанын айтып сотқа шағымданбақ. Өзінің айтуынша, ол екі мәрте әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасарының "өтінішін" орындаудан бас тартқан. Сол үшін де жұмыстан шығарылыпты деп жазады "Диапазон" порталы.
Нұржанның айтуынша, ол алғашқы жағдайда Toyota Camry көлігіндегі жүргізушіні телефонмен сөйлескені үшін тоқтатқан. Тексеру барысында белгілі болғандай, шетелдік көлікті тізгіндеген жігіт рөлде телефонмен сөйлесіп қана қоймай, спирттік ішімдік те ішіп алған екен. Оның құжаттарын алып, хаттама толтырмақ болған сәтте мас жүргізуші анасының облыстық ІІД-де қаржы бөлімін басқаратынын айтып қорқытқан. Араға бірнеше минут салып, Нұржанға рота командирінің орынбасары телефон арқылы хабарласып, айыпты көлік жүргізушісін дереу босатуын талап еткен. Заңсыз талапты орындамаған полицейге ақыры мас жүргізуші жұдырық алып жүгіріпті. Екеуара болған төбелестен кейін Н.Таңатаровты басшылары жұмыстан қуды.
Экс-полицей қазіргі таңда прокуратураға арыз жазып, бұрынғы қызметіне қайта тағайындауын талап етіп отыр.