Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы мен жетекші маманына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.
"Алматы қаласының аумағы бойынша жүк автокөлік құралдарының кедергісіз жүргені үшін маман делдал арқылы 200 мың теңге, ал сол бөлімшенің жетекші маманы 270 мың теңге жүк тасымалдаушылардан пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Осы іс бойында тергеу әлі жалғасады. Куәгерлер инспекторларды ұстау сәтін видеоға түсіріп алған. Күдіктілерді ұстау сәтіндегі видео "@anticorruption.kazakhstan" instagram парақшасына жүктелді.