Жаңалықтар 12.01.2020 сағат 07:50

Еліміздің кейбір қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.
Еліміздің кейбір қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

12 қаңтар күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтөбе, Қарағандыда (тек түнде) және Қызылорда қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар