$ 448.15  483.46  4.86

Қытай спортшысы қазақты бір теуіп құлатты (ВИДЕО)

Бұл – қазақстандық спортшы Айдын Көдековтің кәсіпқой кездесулердегі қатарынан екінші жеңілісі.

Айдын Көдеков (6-2) Мәскеуде өткен аралас жекпе-жектен Rebel Fighting Championship X турниріне қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол қытай файтері Шуо Ванмен (11-3) жекпе-жек өткізген болатын. Жеңілірек салмақ дәрежесіндегі кездесу екінші раундта Ванның жеңісімен аяқталды.

Қытайдың тығыршықтай спортшысы сол аяғымен бауырдан жойқын соққы жасағанда, Көдеков екі бүктетіліп отырып қалып, артынша шалқасынан жатып алды.

Бұл – қазақстандық спортшы Айдын Көдековтің кәсіпқой кездесулердегі қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін ол 6 жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Ал Шуо Ван болса, ММА-дегі 11-інші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары