24 қаңтар күні Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында Жамбыл облысы, Шу қаласының 30 жастағы тұрғынын есірткі заттарын сақтағаны үшін тұтқындады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Сараптама қорытындысы бойынша, бұрын істі болған азаматтың үйінен табылған есірткі 19 келі марихуана мен 2 келі гашиш екені анықталып отыр.
Аталған факт бойынша күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.