$ 498.34  519.72  4.85

Көліктерінде шетелдік нөмірі барлар митингке шықпақ (ВИДЕО)

Көлік иелерінің видеоүндеуі Асқар Шайқұмаровтың youtube-тегі арнасына жүктелген.

Оралда бір топ азаматтың қала әкімдігіне Армения, Ресей және Қырғызстан нөміріндегі көліктердің қозғалысына енгізілген шектеуге қарсы митинг өткізу үшін өтініш қалдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік иелерінің видеоүндеуі Асқар Шайқұмаровтың youtube-тегі арнасына жүктелген.

Видео жанындағы жазбада Оралда бір топ азаматтың қала әкімдігіне Армения, Ресей және Қырғызстан нөміріндегі көліктердің қозғалысына енгізілген шектеуге қарсы митинг өткізу үшін өтініш қалдырғаны айтылады.

Ал видеода ер адам 25-26 қаңтарда Мәншүк Мәметова атындағы алаңда бейбіт митинг өткізуге өтініш бергенін хабарлайды.

"Егер олар рұқсат берсе, онда сенбі 25-не митингке шығамыз, егер рұқсат бермесе, онда жексенбі 26-на қайта өтініш түсіреміз!", - дейді ол.

Ол Оралда және осы өңірде шетелдік нөмірдегі көліктер көп екенін айтып, оның иелерін митингіге шығуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары