Жоңғар Алатауының тауларында, Үлкен және Орта Үсек өзендерінің қосылуында бөренеден жасалған үйшік бар. Онда 30 жыл бойы өркениеттен ада қалған диуана Владимир өмір сүреді. Ол пеште тамақ дайындайды, шөптерден шай ішеді, шаммен кітап оқиды, форель аулап, бұлақтан су ішеді, деп хабарлайды Stan.kz, InAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.
Көктал ауылындағы Қазан шіркеуінің шіркеушісі Аверки (Белов) 69 жастағы Владимир Белаковтың оқиғасын айтып берді. Діни қызметкер Владимирге жылына бірнеше рет, шіркеудің басқа да қызметкерлерімен бірге келеді.
«Владимир Белаков Ресейдің Пензен облысында 1951 жылы туған. Жас кезінде әскерде қызмет еткен, лейтенант атағын алды. Кеңес Одағы ыдыраған кезде Владимир әскери қызметінен босатылды. Сонымен бірге, ол әйелімен ажырасып кетті, ұлы бар. Кейінірек ол Қазақстанға келді. Әр жерде жұмыс істеді. Жоңғар Алатауында өте бай флора бар, сирек кездесетін өсімдіктер өте көп. Тауларға кетер алдында Владимир шөп өсірумен айналысқан», - деп еске алады Аверки.
1990 жылы Владимир өркениеттің артықшылықтарынан алыс жүруді ұйғарды. Мұның себебі белгісіз. Шіркеуші Аверки отбасынан айырылуы және Кеңес Одағының құлауынан кейін көп уайымға салынғанын айтады. Сонымен қатар, Владимир табиғатты және тыныштықты жақсы көреді.
«30 жыл бұрын Владимир әлі шоқыну рәсімінен өтпеген еді және ауылға жиі келетін. Оның алдында бұл жерде бір кемпір тұрды. Содан ол қайтыс болды. Ал оның үйін сел басып кетті. 1998 жылы ол шоқыну рәсімінен өтті, содан кейін тауда болам деп шешті де, содан бері адамдармен сирек кездеседі», - деп жалғастырды Қазан ғибадатханасының қызметкері.
Диуананың үйі Ұлы Үсек өзенінің сол жағалауындағы сазды төбеде орналасқан. Бұл жердегі таулар бір кездері осы жерде болған мұхит түбіндегі шөгінділерден пайда болған. Жер өте құнарлы, селдің арқасында әрдайым отын көп. Жақын жерде бұлақтар мен таулы өзендер бар. Жоңғар Алатауындағы өмірінде Владимир кішкентай пеш, екі кереует, үстел, орындықтар мен жуынуға арналған бассейні бар үй салды.
Сонымен қатар, диуана Серафима Саровского монахының құрметіне крест пен күмбезді шіркеуін, қонақтарға арналған сарай салды. Онда ол қонақтарды тамақтандырады және монша жағады. Айтпақшы, Аверки қызмет ететін шіркеу Владимир тұрған жерден 60 шақырым жерде орналасқан. Сіз диуанаға автомобильмен жылдың қолайлы мезгілінде, жауын-шашын болмаған кезде немесе жаяу 10-12 сағатта жүре аласыз.
«Кейде біз ұн, жарма, басқа да тамақ ала келеміз. Владимир күліп, бәрін қайтарып береді. Онсыз да ас көп екенін айтады. Владимир бақшада картоп өсіреді, форель аулайды, тауық ұстайды. Ит және мысығы бар. Өзі үшін нан пісіреді, ол сирек ет жейді», - деп аяқтады Аверки сөзін.
Биыл желтоқсанда Владимирдің тауда тұрып жатқанына 30 жыл толады. Диуана бейбітшілік пен адам денсаулығы үшін шексіз дұға етеді. Кейбіреулер оған шөптен жасалған дәрілер жөнінде кеңес алу үшін, ауруын емдеу үшін келеді. Тауда өмір сүріп жатқан диуана аңшы, бақташы және ауыл тұрғындары арасынан көптеген достар тапқан.