21.07.2014, 08:00

Шымкентте мешіттер саны мектептерге жетіп қалды

Сурет: otyrar.kz

Таяуда ғана Шымкент қаласына қарасты Мәртөбе елдімекенінде қаладағы 102-ші мешіт ашылды, деп хабарлайды skifnews.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, елімізде мешіттерінің саны жүзден асатын жалғыз қала Шымкент. Дереккөздерге сүйенсек, 1996 жылы қала аумағында небәрі 5 мешіттен артық болмаған екен. Арада 20 жыл өтпесе де Шымкенттегі мешіттер саны бүгінде 20 еседен де аса артып кеткен. Демек, әр жылға шағатын болсақ, 18 жылда жыл сайын 5-6 мешіттен ашылып отырған. Егер осы қарқынмен жалғаса берсе, ендігі бірер жылда Шымкенттегі мешіттердің саны мектептерді басып озбақ.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 125 орта мектеп жұмыс істеп тұр.