26.01.2016, 03:05

26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ТЖК-ның баспасөз қызметі.

 

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде тұман болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 22-27м/с, екпіні 30 м/с-ге күшейеді.

Қазақпарат