18.01.2020, 18:05

Қазақстандық спортшы Қытайда өткен жарыста қола медаль еншіледі

Фото: 24.kz
Турнирге 25 елден 60 астам спортшы қатысуда.

 Қазақстандық Дмитрий Баландин Бейжіңде өтіп жатқан турнирде 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

100 метрді тура 1 минутта жүзіп өткен Баландин қоланы қанағат тұтты. Екінші орынды Нидерланд өкілі Арно Камминг иемденді. Ал үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды қытайлық Ян Цзыбей жеңіп алды.

Айта кететіні, 100 метрлік брасс әдісімен жүзуге төрт спортшы ғана қатысты. Ертең брасс әдісімен 200 метрге жүзу жарысы өтеді.  Жалпы турнирге 25 елден 60 астам спортшы қатысуда. Жарыстың жүлде қоры 900 мың АҚШ долларын құрайды.