$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да алқаш күйеуін іздеуге шыққан әйелдің үйі отқа оранды: қайтыс болғандар бар

Өрт сөндірушілерге жалынды өшіруге бірнеше сағат қажет болған.

Шығыс Қазақстан облысында екі өрт оқиғасы болып, үш бала көз жұмды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғау саласындағы апаттар тәуекелін төмендету және бақылау басқармасы мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

ТЖ департаментінің мәліметінше Ұлан және Бородулиха аудандарында өрт болғанын хабарлады. Асубұлақ ауылындағы үй толығымен жанып кеткен. Өрттің тұтануына электр жылыту қондырғыларының жылу әсер еткен.

"Үйде 73 жастағы атасы мен кішкентайынан сал ауруына шалдыққан 14 жасар немересі тұрған. Қария әлеуметтік осал топ тізімінде болған. Өрт сөндірушілер оған бірнеше рет барып, өрт қауіпсіздігінің талаптарын көрсетіп, нұсқау берген. Ақыр соңында қосылып тұрған электр жылытқыш, қызған спираль және оларға жақын орналасқан заттар қайғылы жағдайға соқтырған", - деп түсіндірді басқармада.

Өрт сөндірушілерге жалынды өшіруге бірнеше сағат қажет болған. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады. Тексеру кезінде ұйықтайтын бөлмеде еденнен қарияның, ал төсек жанынан баланың мүрдесі табылған.

Сол күні Бородулиха ауданының Камышенка ауылынан тағы бір қайғылы оқиға туралы хабар келген. Ағалы-інілі екі бала өрттен көз жұмған. Сұрастыру барысында 4 және 5 жастағы балақайлар үйде жалғыз қалған. Отбасылық жанжалдың салдарынан ішімдікке тойып алып, үйден кетіп қалған отағасын әйелі іздеуге шыққан. Ал балаларды сыртынан құлыптап кетіпті.

Куәгерлердің айтуынша, балалар ашық қолжетімді жерде тұрған сіріңкемен ойнаған. Өрт аумағы шамалы болды, бар-жоғы - 2 шаршы метр. Осы факті бойынша материалдар полиция қызметкерлеріне берілді, олар алдағы уақытта осы істі жүргізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары