$ 439.43  473.31  4.82

Макгрегор Серронені 40 секундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Бұған дейін 36 рет жеңіске жеткен.
Фото: Eurosport.ru
Фото: Eurosport.ru

UFC 246 турнирінің жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Негізінен кездесу 5 раунда жоспарланған. Дегенмен, тәжірибелі Конор Макгрегор рингтегі қарсыласы Дональд Серронені небәрі 40 секундта нокаунтқа жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
Ирландиялық Макгрегор мен америкалық Серреноны 40 секундта сұлатып, жеңімпаз атанды. UFC жұлдызы Конор Макгрегор қарсыласын соққы астына алып, бір минутқа жетпей нокаутқа түсірді.

 Бұл жетістік 31 жастағы ирландиялық спортшы үшін аралас жекпе-жек тайталасындағы 22-ші жеңісі. Бұған дейін ол, кәсіби спорт алаңында 4 мәрте жеңіліс тапқан болатын. 36 жастағы Серроне болса, 14 рет жеңіліп қалды. Бірақ, бұған дейін 36 рет жеңіске жеткен.

 Естеріңізге сала кетсек, жекпе-жек алдында Невададағы Атлетикалық комиссияға сілтеме жасай отырып MMAFighting мәліметінше, МакГрегорға 3 миллион доллар, ал оның қарсыласы - бар-жоғы 200 мың табыс табуға кепілдік берілген. Ковбой жеңген жағдайда төлемді екі есе арттыра алатыны белгілі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары