$ 447.4  477.55  4.76

«Instagram королі» 40 секундта миллион доллардан айырылып қалды

Серроне осымен қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр.

 Әлеуметтік желіде "Instagram королі" деген атпен танылған блогер Дэн Билзерян небәрі 40 секундта миллион доллар ақшасынан айырылып қалды. Блогер ақшасын Дональд Серроне мен Конор Макгрегор жекпе-жегіне америкалық спортшы жеңіске жетеді деген үмітпен тіккен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

 Ол жекпе-жектен ұтыс үшін ақша тіккені жайлы іnstagram желісіндегі "сторизде" жариялаған. Дегенмен, оның үміті ақталмай, сүйікті спортшысы жеңіліп қалғандықтан 40 секундта бір миллион долларынан айырылды. 

 Естеріңізде болса, Серроне осымен қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр. 2019 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілген еді, өткен жылдың қыркүйегінде Джастин Гэтжи "ковбойды" нокаутқа түсірсе, кеше Макгрегор оны 40 секундта нокаутқа түсірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары