20.01.2020, 14:20

Хабиб Макгрегормен 100 миллион долларға төбелесуге дайын

Фото: РИА Новости/Виталий Тимкив
Бұл туралы ресейлік спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов мәлімдеді.

Жеңіл салмақтағы UFC-нің қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегормен 100 миллион долларға реванш өткізуге дайын, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ресейлік спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов мәлімдеді.

«Бізге енді Конормен кездесу керек, тек 100 миллион доллар беріңіз. Фергюсонмен жекпе-жек өткеннен соң, біз сұраған ақшаны берсеңіз, неге реванш өткізбеске? Егер осы жекпе-жек Дэйна Уайт-қа керек болса, ұйымдастырсын», - деді спортшының әкесі.