Брюссельде "European Motor Show" автокөлік көрмесіндегі наразылықтардың нәтижесінде, 185 адам ұсталды. Қолға түскендердің барлығы да "Extinction Rebellion" экологиялық топтың белсенділері, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Life.ru-ға сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, наразы топ автомобиль көп шығарылғандықтан, олардың қалдықтары климаттың қатты өзгеруіне әсер етіп жатқандығына наразылық білдірген.
Наразылыққа шыққан экобелсенділер акция барысында бірнеше көлікті қызыл бояумен бояп тастады.
Оған қоса, белсенділердің наразылық акциясын өткізуіне "Royal Dutch Shell" мұнай компаниясының жұмысы да себеп болған.
Белсенділердің бірі "қан" түріндегі қорқынышты макияжбен шығып, компанияның атауы жазылған стендке жатып алса, қалған қатысушылар компания логотиві жазылған бетперделерді киіп, «Shell өлтіреді!» деп айқайлады.
Полиция наразылық білдірушілерді көшеге шығарды, бірақ, содан кейін олар көрменің кіреберісін жауып тастады, олардың бұл әрекеттері тәртіп сақшыларының оларды ұстап әкетуіне себеп болды.