Украина президенті Владимир Зеленский әжесінің Алматыда тұрғанын айтты. Ол бұл туралы The Times of Israel газетіне берген сұхбатында хабарлады, деп жазады holanews.kz.
Ол бұл сұхбатты 18 қаңтар күні Израильге сапары қарсаңында берген.
«Мен Израильде бірнеше рет болдым. Онда менің туыстарым бар. Анамның тәтесі және оның туыстары. Олар Израильге көшіп кеткен. Кейбіреулері шамамен 10-15 жыл бұрын кеткен немесе одан да ұзақ болуы мүмкін. 90-жылдардың аяғында болу керек», - деді Украина басшысы.
Сонымен қатар, Зеленский өзінің әжесінің Қазақстанда тұрғанын да айтты.
«Менің әжем Украинаның оңтүстігіндегі Кривой Рогта, нацистер жаулап алған жерде тұрды. Олар сондағы еврейлердің бәрін өлтірген. Бірақ, жаулап алудан бұрын олар Алматыға эвакуацияланды. Көп адам Қазақстанға қашты. Ол сонда оқыды. Мұғалім. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол мен туған жер – Украинаға көшкен», - деді Владимир Зеленский.