$ 447.4  477.55  4.76

Германияда ішіп-жеп көңіл көтерген болашақ судьялар жазаланды

Академия магистранттарының мәртебесіне нұқсан келтіретін әрекеттерді жасағаны туралы мәліметтер жоқ.

Германияға екі апталық тәжірибе жинауға барған ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары  жасаған іс-әрекеттеріне қарай жазаланды деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Германиядағы "Hochschule Wismar – University of Applied Sciences" оқу орнына
 екі апталық іс-тәжірибе алмасуға барған қазақстандық болашақ судьялардың (магистранттар) онда ішіп-жеп көңіл көтергені туралы видео және ақпарат тараған болатын. Оларды осы іс-әрекетін видео арқылы көріп, зерттеу жұмыстарын жүргізген Жоғарғы сот оларды жазалуға қатысты шешім шығарды.

"Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында You Tube желісінің «БACE» каналында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Академия) магистранттары аталған бейнематериал жарық көрді. Жарияланыммен байланысты сұрақтарды қарастыру үшін Академияда комиссия құрылды.

Бұйрықпен Академияның екінші курс магистранттары қатарынан оларды оқытуға жұмсалған бюджеттік шығындар мемлекетке өтеле отырып Басканбаева Дамира Бекболатовна, Джумагулова Айзада Богенбаевна, Ескен Аян Ынтымақұлы, Жеренширинова Асель Маликовна, Жолдасбаев Алишер Канатович, Касымова Зарина Ермековна, Кенжебаев Адлет Оралбекович, Утепбаева Гульжан Маратовна шығарылды.

Екінші курс магистранттары Бисембаев Арсем Даулетовичке, Жанаев Ерлан Дулатовичке, Мамираимова Асель Сайлаубайкызына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Бұйрықта көрсетілген барлық магистранттар 2019 жылдың қарашасында шетелдік жоғары оқу орнында тағылымдамадан өту барысында Академия, сот жүйесі қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің имиджіне нұқсан келтіретін әдептен тыс мінез-құлық көрсетті", - делінген жоғарғы соттың ресми мәлімдемесінде.  

Академия магистранттарының мәртебесіне нұқсан келтіретін әрекеттерді жасағаны туралы мәліметтер жоқ. Бұл «БACE» каналының бейнематериалында сипатталған деректерді комиссиямен тексеру барысында анықталды, осыған байланысты оларды тәртіптік жазаға тартуға негіз жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары