Жаңалықтар 22.01.2020 сағат 10:20

Атырау қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған.
Атырау қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атырауда 16 қабатты үйде электр кабельдері жанып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

«22 қаңтар күні сағат 02.46-да Атырау қаласының «101» пультіне Алмагүл шағынауданындағы 16 қабаттты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 9-дан 12-інші қабат аралығындағы кабельді каналда электр сымдары жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялауға және жалынды сөндіруге дереу кірісті. Мәселен, саты арқылы 10 адам құтқарылды, оның 4-еуі – балалар. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і – балалар», - деді ТЖК-дан.

Тілсіз жау 03.40-та толығымен ауыздықталды. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Атап өтілгендей, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 21 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар