27.01.2016, 03:07

Бүгін елімздің басым аумағында қар жауып, жел күшейеді

Қазақстанның көптеген аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болып, тек батыс пен шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұрқасынмен күшейеді.

Маңғыстау, Қызылорда, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда облысының кейбір аймақтарында көктайғақ болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Жалаңашкөл ауданында жел 23-28, түнде екпіні 30 м/с сақталады.

Қазақпарат