$ 443.35  475.54  4.82

Алматыда көктайғақ салдарынан 15 көлік жол көлік оқиғасына ұшырады

Алматы - Қапшағай тас жолында көктайғақтан бірнеше автомобиль жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, апаттан 15 автомобильге зақым келген. Бір автобустың аударылып қалғаны белгілі болып отыр. Қазір оқиға болған жерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жедел жәрдем өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет әзірше жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, Алматы - Қапшағай трассасында жақында салынған бетон төсенішке мұз қатып қалған. Қазір жүргізушілер жолмен барынша жай жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары