Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда 45 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ұзындығы 5380 шақырымды құрайтын 45 учаскеде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылды. 9 облыста жол қозғалысы жабық. Оның ішінде, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жол көбірек жабылды. Қазіргі таңда республика көлемінде 800 арнайы техника жұмысқа жұмылдырылды. Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады. «ҚазАвтоЖол« ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмау, қауіпсіз қашықтықты ұстану қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Ескерте кетейік, барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.