Өз балаларын өлтіріп тастаған Пермь аймағына қарасты Кудымкара қаласының 32 жастағы тұрғыны ауруханада көз жұмды. Ол туған балаларының жанын жаһәннамға жібергеннен кейін, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан. Бұл оқиға жайлы жергілікті БАҚ жазуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"59/ru" сайты "әйел жүрегі тоқтап қалу себебінен көз жұмған" деп жазды.
Адам айтса сенгісіз қайғылы оқиға 23 қаңтарда болған. Көпбалалы ана бір жасқа жетіп қалған қызы мен 5 жасар ұлын өлтірген. Осы әрекетінен кейін өзі де өмірімен есеп айырыспақ болады. Оны ауыр халде ауруханаға жеткізген.
Әлгі әйелдің туған перзенттерін неліктен өлтіргені туралы нақты ақпарат жоқ.
Көпбалалы ананың отбасылық-тұрмыстық жағдайы нашар болмаған. Үкіметтің қадағалауын қажет ететін отбасылардың тізімінде жоқ.