$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус: Моңғолияның ЖОО-ларында барлық сабақ 2 наурызға дейін тоқтатылды

Моңғолия мен Қытай шекарасы 27 қаңтардан бастап белгісіз мерзімге жабылды.

Моңғол билігі коронавирустың өршуіне байланысты Қытай жағындағы шекараны жабу туралы шешім қабылдады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

РИА Новостидің хабарлауынша, бұл шешім бір күн бұрын шұғыл жиналыста қабылданған. Моңғолия мен Қытай шекарасы 27 қаңтардан бастап белгісіз мерзімге жабылды.

Сондай-ақ, коронавирустың кесірінен Моңғолияның жоғары оқу орындарындағы барлық сабақ 2 наурызға дейін тоқтатылды. Компьютерлік клубтарға, экскурсияларға, ойын алаңдарына және көлік жүргізу курстарына тыйым салынды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус