Ауғанстанда Ariana Afghan Airlines компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, деп жазады Sputniknews.kz.
Жолаушылар ұшағы Ауғанстанның Газни аймағында құлады. Бұл туралы 1TV телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың ішінде 83 адам болған.
Газни губернаторының өкілі Ариф Нури әуе апаты Дех Як ауданында болғанын нақтылады. Оның айтуынша, төтенше жағдай орнына мамандар шықты, олар мән-жайды анықтайды.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары ұшақтың "Талибанның"* бақылауындағы ауданда құлағанын хабарлады.