28.01.2020, 03:00

Елорда мен еліміздің 11 облысындағы жолдар жабылды

фото: 24.kz
«Қазавтожолдың» хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында барлық көлік түрлері бойынша барлық бағыттарға жол жабық.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен еліміздің 11 облысында жолдар жабық, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Қазавтожолға» сілтеме жасап.

«Қазавтожолдың» хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында барлық көлік түрлері бойынша барлық бағыттарға жол жабық.

Сондай-ақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарында жол ішінара жабылды.