Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, деп хабарлайды South China Morning Post қытайлық басылымы.
"Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек", - дейді Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг.
Профессордың сөзінше, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға, ал адамдарға жүргізілетін клиникалық сынама үшін бір жылдай уақыт керек.
Басылым мәліметінше, ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны коронавирустың беткі антигенін қосып түрлендірген.