29.01.2020, 15:40

Шалқардағы мектептердің бірінде 16 жастағы жасөспірімді замандасы пышақтады

Фото: unsplash.com
Полиция оқиғаға қатысы барларды анықтады.

27 қаңтарда мектептердің бірінде жоғары сынып оқушылары арасында жанжал болып, нәтижесінде 16 жастағы жасөспірім пышақ сұғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция оқиғаға қатысы барларды анықтады.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен 9-сынып оқушысы ұсталды», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

28 қаңтарда Шалқар ауданындағы №8 орта мектепте Ақтөбе облыстық ПД басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов және білім бөлімінің өкілдері ата-аналармен, жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесін көтерді.

«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу - бұл отбасының да, мектептің де басты міндеті. Полиция білім беру мекемелерінде алдын-алу шараларын жүргізуде, бірақ бұл жеткіліксіз, біз оқушылар арасындағы заң бұзушылықтарға қарсы тұруымыз керек», - деп атап өтті Қанат Нұрмағамбетов.