$ 494.87  520.65  4.91

«Нарық мафиялық топтардың қолында»: қырғыз депутаты кәсіпкерлердің шашбауын көтерді

Шекарадан өткен кезде қырғыз кәсіпкерлері жүк артықшылығына байланысты бір ауыр жүк көлігі үшін 500-ден 5000 долларға дейін ақша төлеуге мәжбүр.
Фото: коллаж Skifnews.kz
Фото: коллаж Skifnews.kz

Қырғыз депутат Азамат Арапбаев Үкімет басшысынан экспорттаушылардың проблемаларын шешуді сұрайды. Ол бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 24kg-ға сілтеме жасап.

Оның пайымдауынша, қырғызстандық экспорттаушылар тауарларын Қазақстан шекарасынан уақытылы өткізе алмай, әбігерге түсіп отырғанға ұқсайды. А.Арапбаевтың сөзінше, Қырғызстан ЕАЭО-қа кірерде кәсіпкерлерге миллиондаған тұтынушысы бар нарыққа жол ашылатыны жөнінде уәде беріліпті. Ал іс жүзінде орындалмаған. Керісінше, ол нарық мафиялық топтардың қолында деп санайды.

«Біздің елдің ЕАЭО қатарына енгенімізге 5 жыл. Дегенмен, мемлекетіміздің барлық күш-жігері Қазақстанның салық органдары мен кеден қызметкерлерін байытуға жұмсалуда. Шекарадан өткен кезде қырғыз кәсіпкерлері жүктің артықшылығына байланысты бір ауыр жүк көлігі үшін 500-ден 5000 долларға дейін ақша төлеуге мәжбүр. Одаққа құрамына енерде Қырғыз Республикасы үшін, үлкен мүмкіндіктер ашылып жатқандығы туралы айтылған болатын. Бірақ, іс жүзінде біз көрші елдің мафиялық құрылымдары үшін жұмыс істеп жатқан секілдіміз», - деген А.Арапбаев өз елінің кәсіпкерлерінің шашбауын бір көтеріп қойды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары