$ 498.34  519.72  4.85

Жемқорлықпен сотталған шенеуніктер «жұмсақ режимдегі» түрмеде отырады

Қазақстанда жемқорлық бойынша шенеуніктер жиі сотталады. Олардың көбісі амнистиямен босатылады.
Фото: LSM.kz
Фото: LSM.kz

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлықпен сотталған шенеуніктер шартты түрде мерзімінен босап шығу құқығынан айрылады, айыппұл төлеп, жазадан құтыла алмайды және қоныстандыру колониясында жазасын өтей алмайды деді. Бұл туралы 30 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен ведомство отырысы кезінде агенттік айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы, Азаттық-қа сілтеме жасап 

"Жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту шаралары қарастырылады. Мәселе коррупционерлердің қоныстандыру колониясында жазасын өтеуге, мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуына, жемқорлық бойынша ауыр және өте ауыр қылмыстар бойынша еселенген айыппұл төлеуіне тыйым салу және парақорлық бойынша делдал болғаны үшін жазаны қатаңдату туралы болып отыр. Бізде айыппұлды индульгенция (кешіру) ретінде қабылдай бастады. Ал түрмеде отыруы тиіс адамдарды қылмысты байқаусыз жасаған тұтқындармен бірге жұмсақ режимді түрмеге жібереді", - деді Шпекбаев.

Қазақстанда жемқорлық бойынша шенеуніктер жиі сотталады. Олардың көбісі амнистиямен босатылады. 2020 жылы жарияланған Transparency International ұйымының жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 113-орында (неғұрлым көп болса, соғұрлым нашар) тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары