Оралда жарылған газ баллонынан 3 Тәжікстан Республикасының азаматы зардап шекті. Олар жылыту құралымен қатып қалған газ баллонын жылытпақшы болғанда жарылыс орын алғаны анықталды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Жарылыс 30 қаңтарда Орал қаласындағы «Болашақ» мөлтек ауданында салынып жатқан үйде болған. Салдарынан үйдің төбесі мен қабырғаның бір бөлігі өртенген. Зардап шеккендер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек алған. Дегенмен тәжікстандық азаматтардың жағдайы қуантарлық емес. 22 жастағы жігіттің бетін, кеудесі мен аяқ-қолын күйік шалса, тағы бір 22 жасар жігіт денесінің төменгі бөлігінде күйік бар. Ал кәмелет жасқа толмаған жәбірленуші (17 жаста) басынан жарақат алған.
Газ баллон Парма ТПГ жылыту құрылғысымен қыздыру нәтижесінде жарылған. Содан кейін ауа мен газ қоспасы бүкіл үйге қауіп төндірген. Өрт сөндіруге 15 қызметкер мен бес техника арнайы техника жұмылдырылды », - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс саласындағы апаттар қаупін азайту және бақылау бөлімінің бастығы Ерлан Төрегелдиев.