БҚО Теректі ауданының полицейлері 25 қаңтар күні 67 жастағы зейнеткердің мерекелік медалін ұрлағандарды қолға түсірді. Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Уральская неделя" газеті жазды.
Подстепное елдімекенінің зейнеттегі тұрғыны - еңбек ардагерінің 6 медалін ұрлағандарды жедел-іздестіру барысында 33 жастағы күдікті әйел ұсталыпты.
Қазіргі кезде аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Ал, медальдар иесіне қайтарылды.