$ 483.23  534.74  5.12

Түркияда қазақ журналисінің мәйіті табылды

Түрік басылымында қаза тапқан адамның жасы 50 шамасында екені жазылған.
Фото: Newtimes.kz
Фото: Newtimes.kz

Түркияда қазақстандық журналист Жасұлан Қожековтың денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол Анталияда орналасқан өз үйінде көз жұмған. Түрік басылымында қаза тапқан адамның жасы 50 шамасында екені жазылған. Сондай-ақ, қаза тапқан адамның денесі оның бөлмесінде табылғаны айтылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, журналистің өлімінің себебі жүрек ұстамасы болуы мүмкін.

 "Азаттық" басылымының материалында, қаза тапқан кісінің тілші болған Жасұлан Қожеков екені белгілі болды, ол 1969 жылы дүниеге келген.

 Ол Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Журналистік мансабын бастап, өзінің шағын "Atyrau Today" деп аталатын басылымын ашады. Басылым беттерінде өзекті тақырыптарға арналған қоғамдық-саяси мәселелерге арналған материалдаран оқуға болады. Алайда бірнеше жылдан кейін басылым жабылады. Одан кейін бірнеше жыл бойы 2009-2011 жылдар аралығында Көжеков "азаттықтың" журналисі болып жұмыс істейді.

 Қаза тапқан адамның әріптестері ол туралы "өз ісінің батыл маманы" болған деседі.

Дереккөз: Oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары